Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады

300

9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр соңы қарға айналады.

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұзылады Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.

Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +6+8°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады 2-7, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.

Шымкентте – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +8+10°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу