Қазгидромет 18 мамырда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түсіп, жауын-шашын болады деп болжады.
Ақмола облысында кей жерде бұршақ жауып, түнде де, күндіз де секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Сондай-ақ, ШҚО-да да жел күшейеді. Қызылорданың кей аумағында шаңды дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін. СҚО, Түркістан, БҚО-да жел тұрады, кей жерде жаңбыр жауып, өңірдің кей аймақтарында бұршақ күтіледі. Павлодар мен Жамбылда, күндіз Ақтөбеде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады, Қарағандыдының кей жерлерінде тұман түсіп, жауын жаууы мүмкін. Маңғыстаудың да кей жерінде тұманды болады.
ШҚО мен Алматы облыстарында ауа температурасы -1-3 градусқа төмендейді.
Қызылордада өрт болу қаупі жоғары.