Ертең елордада электр жарығы өшіріледі

1115

Акцияға 180 мемлекет қатысады. 

Ертең елордада электр жарығы өшіріледі

Биыл 26 наурызда Нұр-Сұлтанда "Жер сағаты" акциясы аясында көптеген нысан электр қуатынан ажыратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іс-шараны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, "Жасыл" экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы ұйымдастырады. Акцияның негізгі мақсаты – адамдарды жердегі ресурстарға жауапты болуға, әрі оларға ұқыппен қарауға назар аударту.

"Жер сағаты" акциясы жыл сайын 180 елде өтеді. Онда млн-даған адам бір сағатқа шамдар мен электр құрылғыларын өшіреді.

Әлемдегі көптеген сәулет ескерткіштері акцияға қатысып, жарықты өшіреді. Оның ішінде Эйфель мұнарасы, Биг-Бен, Колизей бар.

Қазақстанда да "Жер сағаты" акциясына жыл сайын қатысады. 

"Биыл 26 наурызда іс-шара жергілікті уақыт бойынша 19:30-20:30 аралығында барлық өңірде өтеді. Осы уақытта көптеген объект электр қуатынан ажыратылады, ал елордада кешкі 20:30-да көптеген нысанның сыртқы сәндік жарығы өшіріледі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу