Ерлер мен әйелдер, жас, ересектер мен балалар – бүгін көптеген жанкүйерлер Германияға алғашқы жеке концертін өткізуге келген сүйікті әншіні қарсы алу үшін жиналды.
Әртіс келгенге дейін жанкүйерлер әуежайда жиналып өз әсерлерімен алмасты, Димаштың сүйікті әндерін талқылады.
Чили, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Аргентина, Австралия, Жаңа Зеландия, Бразилия, Испания, Нидерланды, Колумбия, Норвегия және басқа елдердің өкілдері әр түрлі тілдердегі сүйікті әртісті қуана қарсы алды.
"Сәлеметсіз бе", "Рақмет сізге", – деген әр түрлі елдердің жанкүйерлерінің қазақ тіліндегі сөздері ерекше әсерлі естілді.
Димаш жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін үшін алғысын білдірді, жақында қалыптасқан дәстүр бойынша жас жанкүйермен сыйлықтар алмасты, бірнеше қолтаңба берді.