Ертең Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді

430

Ертең Астанада Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ертең Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді Фото: invest.gov.kz

Отырысқа ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Олжас Сүлейменов және ЭР СІМ Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры Марге Мардисалу-Кахар тең төрағалық етеді.

Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесу, сондай-ақ Назарбаев университетінде М.Мардисалу-Кахардың дәрісі жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу