Ақмола облысында түнде батыста, солтүстікте, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с болады, ал облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді.
Көкшетауда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен басталып, таңертең және күндіз солтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Абай облысында жел екпіні 15-18 м/с болады. Түнде облыстың батысында 2 градус аяз күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында синоптиктер желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжап отыр. Түнде солтүстікте, шығыста 3 градус аяз күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында найзағай болады. Павлодар облысының да солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодарда оңтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Ал Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай болады, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағытында, кейін солтүстік-батысқа ауысады, 15-20 м/с-ден 25 м/с-ге дейін болады.
Петропавлда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ болады. Бұнда да жел 15-20 м/с - 25 м/с аралығында соғады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде құмды дауыл күтіледі. Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысында тұман күтілсе, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай болады.
Астанада найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік бағытта, кейін солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с екпіні болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытында, таңертең және күндіз облыстың батысы, солтүстігі және шығысында 15-18 м/с болады.
Қостанай облысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыс бағытында, кейін солтүстік-батысқа ауысады, 15-20 м/с екпіні болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында түнде найзағай күтіледі. Батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-батыс бағытында, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысып соғады, жылдамдығы 15-20 м/с болады.
"Қазгидромет" бұған қоса еліміздің түгелге жуық аумағында өрт қаупі барын болжап отыр.