21 маусымда "Қазгидромет" болжамы бойынша, Нұр-Сұлтанда кей уақытта найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, шаңды дауыл тұрады. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с.
21 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Оралда түнде 21 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады.
Таулы өңірлерде нөсер жауынға болжамына байланысты 2022 жылдың 21-23 маусым аралығында Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының тау және тау етегіндегі аудандары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.
21 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, тацертең және күндіз облыстың орталығында және солтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 21 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Атырауда 21 маусым күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін күн ысиды.
21 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз орталығында, батысында найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбеде түнде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
21 маусымда күндіз Ақмола облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жауын жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Көкшетауда таңертең және күндіз 21 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде 21 маусымда Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Шымкентте 21 маусымда кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 21 маусымда түннің бірінші жартысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
21 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Күндіз 21 маусымда Шығыс Қазақстан облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 23 м/с. Kүндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскеменде күндіз 21 маусымда найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Семейде күндіз 21 маусымда найзағай ойнап, күн 36 градусқа ысиды. Жел оңтүстік-шығыстан оңүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
21 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз көптеген аймағында 15-20, облысының солтүстігінде екпіні 25 м/с. Павлодарда 21 маусымда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
21 маусымда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанайда таңертең және күндіз 21 маусымда найзағай ойнайды. Солүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
21 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, облыстың оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүгінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.
Петропавлда 21 маусымда найзағай ойнады. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
21 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус аптап ыстық болады.
Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жезқазғанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.