Ертең "ҚазМұнайГаз" акцияларының қайталама саудасы басталады

682

"ҚазМұнайГаз" IPO аяқталуға жақын, қазір есеп айырысу процесі жүріп жатыр.  

Ертең "ҚазМұнайГаз" акцияларының қайталама саудасы басталады Фото: inform.kz

AIX бағдарламасына 40 млрд теңгеге өтінім берілді, оның 65%-ы – шетелдік инвесторлардан. Аллокациядан  16,4 млрд теңгеге өтінімдер өтті, деп жазады inbusiness.kz AIX биржасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осы IPO кезінде алғаш рет AIX биржасы арнайы енгізген тікелей жазылу құралы қолданылды. Тікелей жазылу аясында Қазақстан азаматтарына ҚМГ акцияларын Tabys қосымшасы немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы брокердің қатысуынсыз тікелей сатушыдан сатып алу мүмкіндігі берілді. Бұл құрал шынымен де сұранысқа ие болып шықты – ол арқылы 1 миллиард 50 миллион теңгеге 6 мыңға жуық өтінім берілген.

Ертең "ҚазМұнайГаз" акцияларының қайталама саудасы AIX-те басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу