Нұрлан Нығматулин ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған құжатта. .
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу