Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірлерде ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні түнде 15-20, күндіз 23 м/с күшейеді.
Қостанай қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні - 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар аймақта нөсер жаңбыр жауады.
Өскемен қаласында найзағай жарқылдайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Семей қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, бірнеше өңірлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды.
Петропавл қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні - 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады.
Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 23 м/с жетеді.