Ертең Қызылорда облысында уақыт 1 сағатқа кейін шегеріледі

2800

Ертең Қызылорда облысында уақыт 1 сағатқа кейін шегеріледі

2018 жылғы 19 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов және ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Кеуілімжаевтың қатысуымен "Қызылорда облысында сағат белдеуінің өзгеру туралы" баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиын барысында Қызылорда облысында желтоқсан айының 20-нан 21 не қараған түні сағат 00.00-де жергілікті уақыт бір сағат артқа ауыстырылатындығы хабарланды.

Қызылорда облысын 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту жайлы облыс әкімдігінің ұсынысы мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан болатын. "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" ҚР үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №817 Қаулысы қабылданды. Аталған қаулы республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің 12 желтоқсандағы №238 нөмірінде ресми түрде жарияланды.

Бұл қаулы бойынша Қызылорда облысында желтоқсан айының 20-нан 21 не қараған түні сағат 12.00-де жергілікті уақыт бір сағат артқа ауыстырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу