Ертең мекемелер жұмысын қайта бастайтыны туралы ақпарат жалған – елорда әкімдігі

843

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева айтты.  

Ертең мекемелер жұмысын қайта бастайтыны туралы ақпарат жалған – елорда әкімдігі

11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады", - деп жазды А.Олжабаева Facebook-те.

Сондай-ақ ол 11 мамырдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы карантин режимінде өмір сүре беретінін айтты.

"11 мамыр күні елорда бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Себебі карантин әлі алынған жоқ. Бұл дегеніміз - рұқсат берілген кәсіпорындар ғана жұмысын бастайды. Блокпостар алынбайды және 11 мамырда қоғамдық көлік іске қосылмайды", - деп мәлім етті А.Олжабаева.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу