5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні елордадан электромобильдер жолға шығып, "Нұр-Сұлтан - Бурабай - Нұр-Сұлтан" бағытында 540 км қашықтықты жүріп өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Электромобильдердің Jasyl Jol алғашқы автошеруін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы өткізеді.
Электромобильдердің автошеруі басталар алдында дөңгелек үстел өтеді, оған Қазақстанда электр көлігінің инфрақұрылымын дамыту және насихаттау мәселелерін талқылау үшін министрліктердің, бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу