Ертең таэквондодан әлем чемпионаты басталады

900

Ертең таэквондодан әлем чемпионаты басталады

24 маусым күні Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таэквондодан әлем чемпионаты басталады. 30 маусымға дейін жалғасатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады, деп жазады massaget.kz. 

Әлемнің кіл мықты таеквондошылары бақ сынайтын жарыс жаңа ережелер бойынша өтеді. Бұл ережелер көрермендердің қызығушылығын арттырады деген мақсатта қабылданған.

Додаға 170 елден 1000-ға жуық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы сапында 16 спортшы ел намысын қорғайды.

Ерлер құрамасынан: Әбдірашев Сапарғали (54 кг),  Мұқамыров Алмас (58 кг), Серікбаев Әлімжан (63 кг), Қайырбек Ерасыл (68 кг), Сарымсақов Қайрат (74 кг), Мырзабаев Нұрлан (80 кг),  Дүйсебай Смайыл (87 кг), Жапаров Руслан (+87 кг) сынды аспортшылар қатысады.

Әйелдер құрамасында Сабыр Анаргүл (46 кг), Есбергенова Айнұр (49 кг), Сапарбек Жазира (53 кг), Райымқұл Лаура (57 кг), Бибалаева Гүлім (62 кг), Ергешова Фируза (67 кг), Джансель Дениз (73 кг) , Жүнісова Мереке (+73 кг) сынды арулар қатыспақ. 

Айта кетейік, таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы оңтүстіккореялық - Ю Енг Джин. Аға жаттықтырушы - Батырбек Есдәулетов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу