Ертеңнен бастап 5 қалада "Ashyq" жобасында жоқ кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады

1102

Кәсіпкерлік нысандарына "Ashyq" жобасын енгізу туралы арнайы қаулыға (29 шілдедегі) сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында "Ashyq" жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Ертеңнен бастап 5 қалада "Ashyq" жобасында жоқ кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады

"Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4-ші тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, "Ashyq"-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрылсын", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар ертеңнен бастап аталған қалаларда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 

Ал "Ashyq" жобасынан тыс құрылыс жұмыстарын жүргізуге, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, жанаспайтын қызмет көрсетуге, гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне, туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне, қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу