Ертеңнен бастап балабақшаға кезек біріңғай тізіммен жүзеге асырылады

281

Ата-аналар кезекке тұрғанда бірден төрт балабақшаны көрсетеді. 

Ертеңнен бастап балабақшаға кезек біріңғай тізіммен жүзеге асырылады Фото: newsco.ru

Ертеңнен бастап көптеген ата-аналар балабақша кезегінен шығып қалуы мүмкін. Мәселе мынада, олардың барлығы шұғыл түрде сауалнамадан өтіп, жаңа жүйеге тіркелуі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі. 

Бұл балалары балабақшаға кезекте тұрған барлық ата-аналарға қатысты. Ертең Қарағанды ел бойынша бірыңғай кезекке қосылады. Айырмашылығы ата-аналар енді таң сәріден орын босағанына алаңдап, электронды желіге көз тігіп отырмайды. Жүйенің өзі ата-аналарға орын ұсынады. 

 "Ата-аналар кезекке тұрғанда бірден төрт балабақшаны көрсетеді. Өз бетінше жолдама алудың қажеті жоқ. Енді балабақшада орын бар екендігі туралы ескертулер келетін болады", - деді Қарағанды білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Головина.

Жалпы кезекке ауысу ертең, 12 сәуірде таңғы 9-да басталады. Осы уақытқа дейін ата-аналар "Индиго" порталына кірулері керек.

"Қазір кезекте тұрған барлық балалар, олардың ата-аналары индиго жүйесіндегі жеке кабинетте сауалнамадан өтуі керек. Ең бастысы, ата-аналар енді балаларын орналастырғысы келетін төрт бақшаны көрсетуі керек. Қазірге дейін ата-аналардың тек 40% - ы осы сауалнамадан өтті", - деді Қарағанды білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Головина.

Егер ата-аналар үлгермей қалса, онда олардың балалары стоп-тізіміне енеді.  Яғни кезекте орын жоғалтады. Кейін кезекке оралу мүмкін болады. Алайда, ата-ана үшін қосымша қиындықтар туындайды. Сондықтан білім бөліміндегілер кейінге қалдырмауға кеңес береді. Пилоттық режимде бірыңғай кезекке Шымкент пен Шахтинск қалалары ауысып үлгерді. Мәліметтерді Білім бөлімі мен әлеуметтік желілердегі "Индиго" жүйесінің парақшасынан білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу