Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш беруге болады

106

11-25 сәуір аралығында негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылданады.  

Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш беруге болады Фото: ortcom.kz

Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет өтініш бере алады. Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Талапкерлерге тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдау мүмкіндігі берілген.

Сонымен қатар, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті және таңдауы бойынша 2 бейіндік пәнді тапсырады.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт сақталады.

Емтихан кезінде калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесін алып кіруге болады.

Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін, 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу