Ертеңнен бастап қалада трамвайлар қайта жүре бастайды. Әзірше тек 10 вагон ғана іске қосылады. Бүгін олар тестілеуден өткізілуде, деп хабарлайды altaynews.kz.
Өскемен трамвай паркі да өз атауын өзгертіпті: енді ол "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС деп аталады.
Қазір трамвай паркінде 210 адам қызмет етуде. Жаңадан әкелінгендерді қоспағанда, мұнда барлығы 36 вагон бар екен. Олардың 12-сі жұмысқа жарамды.
Трамвайлар сағат 05:30-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Жол ақысы — 65 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу