Ертіс ауданында астық ұрлағандар ұсталды

501

Ертіс ауданында екі тұрғын 35 тонна астықты жымқырған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Ертіс ауданында астық ұрлағандар ұсталды Фото: egemen.kz

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл маңындағы егістік алқаптарынан дәнді дақылдарды ұрлады деген екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар барлығы 35 тонна астық ұрланған. Келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады" - деді Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының м.а. Серік Үсенов.

Ұсталғандар - 28 және 42 жастығы Ертіс ауылының тұрғындары. Олар өз кінәларын мойындаған.

Ұрланған астық толығымен тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу