"Қазпошта" АҚ-ның модернизациядан өткен пошта бөлімшесі Павлодар облысының Ертіс ауданында ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директоры Қайрат Бекеновтың айтуынша, бұл бөлімшеде енгізілген қызмет түрлері тіпті бұрын-соңды ТМД елдерінде де қолданылмаған.
"Жаңартылған бөлімше клиенттер үшін бірнеше залға бөлінген. Яғни, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша жеке тұлғаларға арналған операциялық залдар, корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету орны, сәлемдемелер супермаркеті. Бұрын клиенттер өздеріне келген сәлемдемелерді алуға 15-20 минутын жұмсайтын. Қазір небәрі екі минуттың ішінде ғана жұмыстарын бітіреді. Өйткені, жаңғыртылған пошта бөлімшелеріндегі сәлемдемелерді қабылдау үрдісі едәуір жеңілдеп қалды. Бұл пошта қызметіне енгізілген заманауи құрылғылар мен жаңа қызмет түрлерінің арқасында мүмкін болып отыр", – дейді Қайрат Бекенов.
Ертіс ауданындағы бөлімшенің салтанатты ашылуына аудан әкімі Серік Батырғожинов та қатысып, пошта қызметкерлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Ертіс РУПС автопаркі аудандағы ошта бөлімшесіне жаңадан "Нива Пикап" ВАЗ-2329 автокөлігін сыйға тартты. Енді ауданнан шалғай орналасқан ауылдардың тұрғындарына пошталық сәлемдемелерді уақытында жеткізу мәселесі түбегейлі шешілмек.