Ертіс – Баян өңірінде 200 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылады

115

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ертіс – Баян өңірінде 200 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылады Фото: rail-news.kz

ҚТЖ Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары 2025 жылы Есеншілік-Едіге, Қырқыншы-Сары-Оба, Ақсу-1 – Ақсу-2, Спутник  Бастау аралықтарында  59,3 км жолды күрделі жөндеуден өткізеді.

Сондай-ақ мынандай жөндеу жұмыстары жоспарланған:

  • Екібастұз  Северный-1 және Екібастұз  Северный-2 станциялары бойынша 5,26 км жолды орташа жөндеу;
  • СМД-80 машинасын қолданып, ОП-116 – Шідерті аралығындағы  15 мыңнан астам темірбетон шпалдарын төсей отырып, 10,2 км жолдағы рельсті тіректі үздіксіз ауыстыру;
  • бағыттамалық бұрмалардың 70 жиынтығын үздіксіз ауыстыру.

Ауыр типтегі машиналарды (RM, DM, DGS, PBR, Unimat, DESEC) пайдалану 150 км астам теміржол төсемінің күйін жақсартады. Павлодарлық теміржолшылар ластанған балласты терең кесуді, жолды рихтауды, жолды және бағыттамалық бұрмаларды түзету мен ұруды жүргізеді. 

2025 жылы Қазақстанда барлығы 1480 шақырым теміржол жөнделеді. 2024 жылы 1407 км жаңғыртылды, оның 570 км күрделі жөндеумен қамтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу