Түркияда бірінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан павлодарлық футбол клубы екі жаңа футболшымен толықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Ertis" ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде командаға екі шетелдік футболшы – Белорусь қақпашысы Сергей Черник пен грузин шабуылшысы Леван Куталия ауысты.
30 жасар форвард өз елінің командаларында және шетелдік клубтарда доп тепкен. Мәселен, 2008-2011 жылдары ол Босния және Герцеговинаның "Славия" және "Зриньски Мостар" командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымды шабуылшы Тбилисидің "Динамосында" өткізіп, 33 матчта 20 гол соққан. Сонымен бірге, ол "Динамоның" сапында 2019 жылғы Грузия чемпионы атанды. Футболшы мансабында ол барлығы 211 матчта ойнап, 51 гол соққан.
Белорусь қақпашысына келсек, Сергей Черник павлодарлық клубқа "БАТЭ" сапынан ауысып келді. Борисовтік клубта ол барлығы 109 матч, оның ішінде Чемпиондар лигасында 23 матч өткізген. Сонымен бірге, қақпашы 2017-2019 жылдары Францияның "Нанси" командасында ойнаған. Лига 1 чемпионатында ол 17 кездесуге қатысқан.
Айта кетейік, Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ertis" ойыншылары жұмысқа көшкен. Команда бас бапкері Милан Миланович атап өткендей, мұнда футболшылардың функционалдық даярлығына ерекше мән беріледі.
"Бірінші жиында базалық дайындыққа мән беріледіАлайда барлық жаттығуларда доппен жұмыс істейміз. Бұл ойыншыларға да қызықты, әрі олардың өзара жақындасуына жағдай жасайды. Жаңа ойыншылар көп болады. Әзірше, футболшылар, оның ішінде жастар командада қалу үшін қалуға тырысатынын көрсетуде",– дейді Милан Миланович.
Команданың бас бапкері айтқандай, жиын барысында екі жолдастық кездесу өткізу жоспарлануда. Олар 18 және 24 қаңтарда өтеді.