"Ертіс" футбол клубы қайта құрылуы мүмкін

544

Клубтың проблемалары 2020 жылы чемпионаттан кеткен кезде басталды

"Ертіс" футбол клубы қайта құрылуы мүмкін Фото: prosports.kz

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Қазақстанның 5 дүркін чемпионы "Ертіс" футбол клубын қайта құру мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Біз "Ертіс" ФК-ның болашағына қатысты 2 жолды көріп отырмыз. Біріншіден, 3,1 млрд теңге қарызы бар әрі банкроттық рәсімінен өтіп жатқан клубты оңалту. Екіншіден, FIFA ережелері бойынша "Ертіс" ФК-мен аттас жаңа клуб құру. Оның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы 846 млн теңге берешекті өзіне міндеттеме ретінде қабылдау", – деп жазды Асайын Байханов.

Спорт басқармасына 10 күн ішінде демеушілік қаражатты тартып, "Ертіс" ФК-ны жандандырудың жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Еске сала кетсек, павлодарлық "Ертіс" футбол клубы 2020 жылы таратылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу