Ертіс химия-металлургия зауытына 100 млн доллар инвестиция салынуы мүмкін

1070

БАӘ мен Ресей инвесторлары елімізде сирек кездесетін металдарды бірлесіп өңдейді.

Ертіс химия-металлургия зауытына 100 млн доллар инвестиция салынуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

2024 жылға дейін ШҚО-дағы Ертіс химия-металлургия зауытына (ЕХМЗ) 100 млн доллардан асатын инвестиция салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов SSD Group (БАЭ), "ДИНАТРОН" (Ресей) компаниялар тобының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында шетелдік инвесторлар ЕХМЗ-ны жаңғырту және сирек кездесетін металдар өндірісі бойынша бірлескен жобаны іске асыруға ниет білдірді.

"Кәсіпорынды жаңғырту шеңберінде табақша метал және құбыр өндіру мәселесі пысықталды. Осылайша, 2024 жылға дейін металлургия зауытына салынатын инвестиция көлемі 100 млн доллардан асады. Сондай-ақ инвесторлар кәсіпорындағы энергетикалық жобаларға инвестиция тартуға ниет танытты", - деп жазылды ұлттық компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мейіржан Юсуповтың пікірінше, кәсіпорынның болашағы зор.

"ЕХМЗ Қазақстанда сирек кездесетін металдар өндірісі саласын дамытудың драйвері бола алады. Зауытты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіледі", - деді басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу