"Ертіс" құрамы бірнеше футболшылармен толықты

823

Момоду Сисей "Ертіс" сапына ауысты.

"Ертіс" құрамы бірнеше футболшылармен толықты

Павлодарлық "Ертіс" құрамы бірнеше футболшылармен толықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Момоду Сисейдің келуін әзірше бес дүркін чемпиондардың құрамындағы ең елеулі өзгеріс. "Ертіс" ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, Гамбия елінің форварды павлодарлық командамен бір жылдық келісім-шарт жасасты.

"Ертіс" ФК еңбек шарты 2019 жылдың соңына дейін жоспарланған. Шабуылшы өткен маусымды петропавлдық "Қызылжарда" өткізді. Оған дейін ол алматылық "Қайратта" үш жыл ойнаған", – делінген клуб сайтында.

Бойшаң гамбиялық шабуылшы алматылықтар сапында 46 матч өткізіп, 18 доп соққан. Өткен маусымда Момоду Сисей үш гол соққан. Сонымен бірге, шабуылшы Гамбия құрамасы сапында 15 ойын өткізіп, бес рет мергендік танытқан. Гамбиялық шабуылшыдан өзге "Ертіс" құрамына "Тобыл" жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев пен "Қайрат" қорғаушысы Станислав Лунин келіп қосылды. Сонымен қатар, Руслан Есімов, Павел Шабалин және Дмитрий Шмидтпен келісім-шарт мерзімі ұзартылды. Еңбек шарттардың мерзімі 2019 жылдың соңына дейін көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу