Ертіс өңірінде "Ұлы дала" фестивалінің үшінші күні басталды

689

Этноауылға келгендер асау үйрету мен садақшылардың да шеберлігіне куә бола алады. Парашютпен секірушілер "Ұлы дала" логотипі бар кәмпиттерді аспаннан шашу ететін болады. "KazakhUnion" каскадерлер тобы ат үстінде өнер көрсетеді.

Ертіс өңірінде "Ұлы дала" фестивалінің үшінші күні басталды

Павлодарда "Ұлы дала" халықаралық этнофестивалінің соңғы күні өтуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Фестивальдің үшінші күнінде меймандарды Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концерттік бағдарламасы күтеді. Концертке "Жігіттер" тобы, Ернар Айдар, Әлішер Кәрімов қатысады. Кештің жүргізушілері белгілі әртіс Айгүл Иманбаева мен Данияр Есен. Сонымен қатар, арбалар шеруі өтіп, орталық сахнада "Қоянды жәрмеңкесі" театрландырылған қойылымы ұсынылады. Өзбекстандық өнерпаздар биіктікте арқан бойымен жүріп өтеді. Арнайы белгіленген шатырда сирек кездесетін ұлттық тағамдар ұсынылады. 

Этноауылға келгендер асау үйрету мен садақшылардың да шеберлігіне куә бола алады. Парашютпен секірушілер "Ұлы дала" логотипі бар кәмпиттерді аспаннан шашу ететін болады. "KazakhUnion" каскадерлер тобы ат үстінде өнер көрсетеді.

Кешкі сағат 20:00-де "Ұлы дала" этнофестивалінің жабылуына орай "Ертіс promenade" сахнасында гала-концерт ұйымдастырылады. Еске салайық, этнофестивальге 70-тен астам шет елден келген делегация қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу