Ертіс өңірінде аязда жолда қалған 80 адам құтқарылды

741

Кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін шектеу қойылған болатын.

Ертіс өңірінде аязда жолда қалған 80 адам құтқарылды

Қарағанды – Семей бағытында жолға шыққан автобустың 24 жолаушысы Екібастұз қаласының № 7 орта мектебіне жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00-де жолаушылар көлігі қатты аязға және облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың жабылуына байланысты тоқтатылды.

"Сондай-ақ, бүгін түнде сағат 01.50-де Новосібір – Тәжікстан бағытында жолға шыққан көліктегі 56 адам Успен аграрлық-техникалық колледжінің жылыту пунктіне орналастырылды. Оның беруі – бала. Екі жағдайда да ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.  Setra және Yutong маркалы автобустардан 80 адам құтқарылды", - дейді департаментте.  

Еске сала кетейік, кеше сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін шектеу қойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу