Ертіс өңірінде биыл 370 шағын несие беріледі

1694

Займ сомасы 16 миллион теңгеде дейін құрайды. Несие 5 жылға жылдық 6 пайызбен беріледі.

Ертіс өңірінде биыл 370 шағын несие беріледі

Павлодар өңірінде шағын несиелендіру бағдарламасымен 370 шағын несие беріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігінде баяндама жасаған аймақ басшысының орынбасары Әлия Арынова өткен жылы 2,2 миллиард теңгеге өңір тұрғындарына 451 шағын несие берілгенін атап өтті.

"43 несие қалалық жерде, 408–і ауылдық аймақта ұсынылды. 288 жағдайда стартап жобалар қаржыландырылды, 87 несие зәкір кооперациясын дамытуға, қалғаны жеке ісін дамытуға бағытталды. Осы бағдарламаның арқасында өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардан 439 адам кәсіпкерлікпен айналысуды бастап, 601 жұмыс орыны ашылды", – дейді ол.

Биыл қала тұрғындары үшін 543,7 миллион теңге, ауылдықтарға – 1,785 миллиард теңге қарастырылып отыр. Несие алудың шарттары өте тиімді – займ сомасы 16 миллион теңгеде дейін құрайды. Несие 5 жылға жылдық 6 пайызбен беріледі.

"Өткен жылы Ақсу қаласында шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша бір ғана жоба жүзеге асырылған. Мұндай шарттармен қаланың жанындағы Қалқаманның өзінде он жоба жүзеге асыруға болатын еді! Бұл барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне қатысты. Шағын несие бөлуге назар аударыңыздар", – дейді Болат Бақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу