Ертіс өңірінде дәнді дақылдардың 58 пайызы жиналды

2071

Жоспар бойынша өнім жинау осы айда аяқталуға тиіс еді. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығынан жұмыстар тоқтап қалуда.

Ертіс өңірінде дәнді дақылдардың 58 пайызы жиналды

Ертіс өңірінде дәнді дақылдардың 58 пайызы немесе 478 мың тонна өнім жиналды. Облыс бойынша 700 мың тонна таза өнім алу жоспарланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжанов мәлім етті.

"Жалпы 720 мың гектардан астам алқаптан дәнді дақыл өнімдері жиналу керек, - деді Байболат Рахымжанов. – Оның 58 пайызы жиналып, өнімділік гектарына 11,4 центнер көрсетіп отыр. Өткен жылы өнімділік гектарына 10 центнерден болған. Көрсеткіштер жаман емес, былтырғы деңгейде. Шаруалар тұрақты өнім алуда. Аудандар бір шамада келе жатыр. Оның ішінде бидай 55 пайыз жиналып, бір гектардан өнімділік 11,4 центнерден көрсетуде. Картоптың 70 пайызы жиналса, көкөніс 57 пайызға орындалды. Қос дақылдың да өнімділігі гектарына 280 центнерден құрады".

Байболат Рахымжановтың айтуынша, жоспар бойынша өнім жинау осы айда аяқталуға тиіс еді. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығынан жұмыстар тоқтап қалуда. Осыған байланысты қазан айының алғашқы он күндігінде жиын-терін жұмыстары мәресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу