Ертіс өңірінде қаңтар айында 44 заңсыз аң аулау оқиғасы тіркелді

1728

 Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ертіс өңірінде қаңтар айында 44 заңсыз аң аулау оқиғасы тіркелді

Павлодарлық полицейлер қаңтар айы ішінде заңсыз аң аулау бойынша 44 фактіні анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен патрульдеу кезінде Ертіс ауылынан шыға берістегі далалық аймақта ВАЗ маркалы автомашинаны басқарған 36 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Автомашинаның салонын және жүк бөлігін тексеру кезінде полицейлер 2 қоян және ТОЗ-34 маркалы 2 қосауыз тегіс ұңғылы қару және 11 дана оқ-дәрі тәркіленді. Аңшыда өзімен бірге қарудың  және аңшылыққа шығуға тиісті құжаттары болмаған", – дейді баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ер адам ҚР ӘҚБК 484-382 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтар айы ішінде полиция қызметкерлерімен барлығы 44 заңсыз аң аулау фактісі анықталды. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБК 382-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу