Ертіс өңірінде заманауи технологиялардың көмегімен қайта өңдеу жобасы қолға алынды, деп хабарлайды 24.kz
Жобаны жүзеге асыру үшін белгілі неміс компаниясының озық тәжірибесі қолданылмақ.
Мамандардың есебінше, бүгінде өндірістік өлкенің полигондарында 5,2 млн тонна қоқыс үйіліп жатыр. Тұрғындар күнбе-күн 650 тонна тұрмыстық қалдықты сыртқа шығарады.
Айта кетейік, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір тұрмыстық қатты қалдық түрлерін полигонға тастауға тыйым салынған. Қоқыс орындарына көлік дөңгелектері, қағаз қалдықтары мен пластикалық заттар қабылданбайды. Сол себепті қайта өңдеу зауытын ашу жоспарда бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу