Ертіс өңірінде киік пен арқар саны артқан

3316

2016 жылы ақбөкендер 10-15 бас қана кездескен болса, қазіргі таңда олардың саны 2000 басқа дейін жеткен.

Ертіс өңірінде киік пен арқар саны артқан

Павлодар өңірінде мекендейтін киіктер мен арқарлар санының артуы байқалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қазбек Әметов мәлім етті, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

"2016 жылы ақбөкендер 10-15 бас қана кездескен болса, қазіргі таңда олардың саны 2000 басқа дейін жеткен, - дейді Қазбек Әметов. - Сонымен қатар арқарлардың саны 2,1 пайызға өсіп, 700 басты құрап отыр. Биыл қыркүйек айында облыстық аумақтық инспекция зоология институты, "Охотзоопром" мекемесімен бірге Павлодар облысының резервтік қорындағы арқарларды есепке алу бойынша жұмыс жүргізді".

Нәтижесінде 204 бас арқар тізімге алынды. Бұл Ертіс өңірінде жануарлар үшін жем-шөп қорының молдығы мен алаңсыз орта қалыптасқандығын көрсетеді.

Спикердің айтуынша, 2017 жылдан бастап Баянауыл аумағында жұмыс істейтін "Охотзоопром" мекемесі тірек пунктінің қызметкерлері облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Баянауыл ұлттық паркінің мемлекеттік қызметкерлерімен бірге Май ауданында киіктер мен арқарларды күзетеді. Сондықтан бұл жануарлардың көбеюіне табиғатты қорғау ұйымдарының бірлескен жұмысы оң әсерін тигізген болу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу