Ертіс өңірінде мемлекеттік кірістер департаментінің екі маманы ұсталды

665

Олар екі айлық мерзімге үй қамаққа алынды.

Ертіс өңірінде мемлекеттік кірістер департаментінің екі маманы ұсталды

Ертіс өңірінде мемлекеттік кірістер департаментінің екі маманы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды 24.

Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Қуат Белгібаев пен аталған мемлекеттік мекеменің басқарма басшысы Мұрат Жанғазин екі айлық мерзімге үй қамаққа алынды.

Кей ақпарат көздері таратқандай, пара көлемі 200 мың долларды құраған.

Айта кетейік, Қуат Белгібаев 1977 жылы туған, үш баланың әкесі. Кірістер департаментінде еңбек еткеніне бір жыл болған.

"Ұстап алу негіздері және бұлтартпау шарасын таңдау болып ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігінің 1,2-тармақтары болып табылады. Ол адамдар тобының алдын алу сөз байласуы, қорқытып алу жолымен пара алу", – деді облыстық сот баспасөз қызметінің маманы Маржан Құрманғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу