Ертіс өңірінде суармалы алқаптардың көлемі үш есе ұлғаятын болады

1977

Яғни, 50 мың гектардан 140 мың гектарға дейін жетеді.

Ертіс өңірінде суармалы алқаптардың көлемі үш есе ұлғаятын болады

Бүгінде Павлодар облысындағы суармалы жерлердің жалпы аумағы 70 мың гектарды құрайды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы м.а. Марат Шұғаев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Суармалы 70 мың гектар жердің 58,2 мыңы ауылшаруашылық өнім өндірушілерге бекітілген. Биылғы жылы суармалы жерлердегі егістік алқаптары 50 463 гектарды құрады. Атап айтқанда, дәнді дақылдар – 11981, майлы дақылдар – 3503, жем-шөп – 17669, картоп – 12241, көкөніс пен бақша өнімдері – 5069 гектар. Суармалы жердегі сүрлі алқаптар – 2065 гектар", – деді Марат Шұғаев.  

Марат Шұғаев өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары жасалғанын атап өтті.

"Жоспар аясында 2022 жылға қарай суармалы алқаптардың көлемі үш есе ұлғаяды. Яғни 50 мың гектардан 140 мың гектарға дейін жетуге тиіс. Биылғы жылы Ертіс өзені мен Қ.Сәтпаев атындағы арнаның бойындағы 30 мың гектар жер айналымға енгізіледі",­ – деді ол.

Спикердің айтуынша, жасалған сараптама нәтижесінде тұрақты суару жүргізуге арналған тиімді жерлер анықталған. Нәтижесінде суармалы алқаптар 144,4 мың гектарға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ жер қатынастары басқармасының ақпараты бойынша бос жерлер анықталды.

"Өңірімізде бос жерлердің аумағы 43,4 мың гектарды құрады. Ең көбі Ақсу ауылдық аймағында – 18,8 мың гектар. Павлодар ауданында – 11,6 мың, Екібастұзда – 7,8 мың гектар", – деді Марат Шұғаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу