Ертіс өңіріне көшуге ниеті бар 30 түркістандық жолға шықты

644

Түркістан облысының 30 тұрғыны "Еңбек" бағдарламасы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды алдын ала көріп, ол жақтағы тіршілікпен таныспақ, деп жазады inbusiness.kz.

Ертіс өңіріне көшуге ниеті бар 30 түркістандық жолға шықты

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, тұрғындардың барып-қайтуына қоғам белсендісі, кәсіпкер Жаңабай Ағабеков демеушілік жасады.

Жетісай ауданынан – 2, Келес ауданынан – 3, Сайрам ауданынан – 8, Арыс қаласынан – 2, Ордабасы ауданынан – 6, Сарыағаш ауданынан – 6, Мақтаарал ауданынан – 1 және Қазығұрт ауданынан 2 азамат Павлодарға аттанды. Олардың жол ақысы және жатын орны тегін.

Айта кетсек, 2021 жылдың басынан бері "Еңбек" бағдарламасы бойынша Түркістан облысынан 412 отбасы - 1792 адам қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу