Ертіс өңірінен 2 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуге аттанды

925

Ертіс өңірінен 2 мыңнан астам азамат әскери борышын өтеуге аттанды

Павлодар облысынан 2000-нан астам жігіт әскер қатарына жіберілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жасөспірімдер "Шығыс", "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы, десанттық-шабуылдау, әуе әскері, ракета әскерлері және артиллерия, сонымен қатар 82796 Гвардейск әскери бөлімі және 32363 Қапшағай, 12740 Сарыөзек, 85395 Тараз қаласы, 10810 Аягөз, 06708 Приозерск, 44736 Семей қаласы әскери бөлімшелерінде Отан алдындағы борышын өтейді.

"Жас жігіттердің әскер қатарына өз еріктерімен және ниеттерімен аттанып жатқаны қуантады. Қорғаныс күштері деп аталатын мектеп олардың өмір жолындағы белестерді бағындыруға көмек болары анық. Олар - нағыз патриоттар, Отан қорғаушылары", - дейді департамент бастығының орынбасары, келісімшарт бойынша әскер қатарына шақырушыларды жинау басқармасының бастығы, подполковник Баянбек Орашев. 

Айта кетейік, болашақ сарбаздар қатарында ҚР ҚМ әскери техникалық мектебінің үш айлық курсын аяқтап, арнайы мамандық алғандар да бар. 

"Қазақстандық әскердің 26 жылдығына орай жедел әскер қатарына шақырылу мен үшін үлкен бақыт", - дейді Арман Шаяхметов. 

Әскер қатарына шақырту алғандарға сапар алдында әскери фильмдер көрсетілді.

Еске сала кетейік, өңірде көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 900 жасөспірім шақыру қағаздарын алған. Оның ішінде 500 жігіт әскер қатарына шақыртылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу