Ертіс өңірінен Астанаға 541 тонна өнім жеткізіледі

1035

Оның ішінде Ертіс өңірінде өндірілетін 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі бар.

Ертіс өңірінен Астанаға 541 тонна өнім жеткізіледі

13-14 қазан күндері Астана қаласында Мұңайтпасов көшесі, 9 мекенжайы бойынша орналасқан "Қазақстан" СК автокөлік қоятын алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде облыстың барлық аумағынан 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорыны мен ауылшаруашылық құрылымы қатысады. Тауар өндірушілер 150 млн теңге сомасына 541 тонна көлемінде өнім жеткізеді. Оның ішінде Ертіс өңірінде өндірілетін 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі бар.

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтардың арасында үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде толығымен өткізіледі. Бұл жолы да кәсіпорындар қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерінің түрлі ассортиментін  саудаға қояды. 

Елімізде және шет елде бренді танымал "Рубиком" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Сағып" ШҚ, "РЭГТайм" ШҚ, "Крендель" ЖШС, "Зерноград" ЖШС, "Галицкое" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС, "Қызылжар-Құс" ЖШС, "Победа" ЖШС, "Ақтоғай Агро" ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады.

Мерекелік бағдарламаны, іс-шараның музыкалық сүйемелдеуін "Шаңырақ" мәдени-мауық орталығының шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу