Ертіс өңірінің 20 қариясы бата беруден жарысты

1535

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абылай Жантөриннің айтуынша, байқау тұңғыш рет өткізіліп отыр және бұл республикалық сайысқа іріктеу кезеңі болып есептеледі.

Ертіс өңірінің 20 қариясы бата беруден жарысты

Облыс орталығындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында "Батаменен ел көгерер" байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Байқаудың мақсаты – бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық шығармашылығын насихаттау.

Іс-шараны ұйымдастырушы ұйым облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абылай Жантөриннің айтуынша, байқау тұңғыш рет өткізіліп отыр және бұл республикалық сайысқа іріктеу кезеңі болып есептеледі.

"Бүгін өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 20 батагөй ақсақал қатысуда. Қазылар алқасына өңіріміздің белгілі ақын-жазушы, журналистеріміз бен қоғам қайраткерлерін шақырдық. Сол кісілердің көмегімен анықталған байқау жеңімпаздары наурызда Астанада өтетін республикалық сайысқа жолдама алады. Сонымен бірге, бүгінгі жүлдегерлерімізге сыйлықтарымыз бар", – дейді ол. 

Конкурс нәтижелері бойынша бас жүлдені павлодарлық Балтабай Сыздықов ұтып алды. Бірінші орын екібастұздық Сайлау Байбосынға бұйырса, екінші орынды Бейсенбі Мұқажанов пен Бақытжамал Елеукенова иеленді. 18 қатысушы арнаулы жүлдеге ие болды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу