"Ертіс орманы" қорығында ағаш кесуге тыйым салынды

173

Экожүйелерді қалпына келтіру климаттың өзгеруімен күресуде және орман қорын тұрақты дамыту саласындағы міндеттерге қол жеткізуде маңызды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Ертіс орманы" қорығында ағаш кесуге тыйым салынды Фото: pixabay

Тәжірибе көрсеткендей, орман ағаштарын ұрлаудың өсуі рұқсат етілген ағаш кесудің кез келген түрін енгізумен тығыз байланысты.

– Мысалы, мораторий алынған сәттен бастап 2021 жылы 1100 текше метрден астам орман заңсыз кесілген, бұл ағаш кесуге тыйым салу кезеңінің көрсеткіштерінен айтарлықтай асып түсті. Осыған орай орманды сақтау мақсатында Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен биыл 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу