"Ертіс орманы" қорығында заңсыз ағаш кесу: полиция қылмыстық іс қозғады

563

Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Ертіс орманы" қорығында заңсыз ағаш кесу: полиция қылмыстық іс қозғады Фото: видео скриншот

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" қорығы аумағында ормандарды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша ауқымды іс-шара жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу