"Ертіс орманы" резерватында бес жылға ағаш кесуге тыйым салынуы мүмкін

233

Аталмыш бұйрықты ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірледі.

"Ертіс орманы" резерватында бес жылға ағаш кесуге тыйым салынуы мүмкін Фото: Pixabay.com

Ашық НҚА порталында мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы жобасы талқылануда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтімді қоқырсуды жинаудан, соқпақтарды шабудан және орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесуден басқа) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын, – делінген құжатта.

Бұл бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жоба 24 маусымға дейін ашық талқыланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу