"Ертіс орманындағы" өрт: 3 ауылда төтенше жағдай жарияланады

432

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта айтылды. 

"Ертіс орманындағы" өрт: 3 ауылда төтенше жағдай жарияланады Фото: azattyq-ruhy.kz

Павлодар облысындағы орман өртіне байланысты өңірдегі үш ауылдық округте төтенше жағдай режимі жарияланбақ, деп жазады inbusiness.kz

"Павлодар облысы Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі, Галкино ауылдық округі және Шалдай ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп тағайындаймын", - делінген Шарбақты ауданы әкімінің шешімінде.

Құжатты жария талқылау 18 шілдеге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу