Ертіс өзені "гүлдеп" жатыр

2273

Ертіс өзені "гүлдеп" жатыр

Астана өзендеріндегі өсімдіктер тұқым шашып жатыр. Есіл мен Ақбұлақ өзендерінің бетіндегі жасыл қабат сол себепті пайда болған, — деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Биылғы жаздың ыстық болуы мен өзендердегі су деңгейінің төмендігі салдарынан су астындағы өсімдіктер жылдам қарқынмен "гүлдеп" жатыр. Сол себепті елорда өзендерінің беті жасыл түспен қапталып кетті. Мекеме жұмысшылары белгіленген кесте бойынша Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерін өсімдіктердің тұқымынан тазарту жұмысын жүргізуде. Бүгінге дейін Есіл өзені тазартылды. Қазір Ақбұлақ өзені тазартылып жатыр", — деді "Есіл Астана" МКҚК директоры Қанат Алин.

Оның айтуынша, гүлдену кезінде өсімдіктер тұқым шашып, ол өз кезегінде ағыспен су бетіне қалқып шығады. Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Астана өзендерінің бетіндегі белгісіз "жасыл қабатқа" байланысты біраз мәселе туындаған болатын.

"Өзендер тірі организм болғандықтан су өсімдіктері мен оның өнімдерінің болуы қалыпты жағдай. Ал біздің мекеме дәл осы өзендерді тазарумен айналысады. Негізі біз өзендерді балдыр мен шылаудан тазартуымыз керек. Бірақ бұл мәселе тікелей өзендерге қатысты болғандықтан, оған атүсті қарай алмаймыз", — деді мекеме басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу