Ертіс өзені арқылы мұз жолдары ашылды

1752

Мұз өткелдің ашылуы үшін оның қалыңдығы 45-50 сантиметрден кем болмауға тиіс. Өту кезінде көлік құралдарының жылдамдығы сағатына 10 шақырымнан аспауы керек

 Ертіс өзені арқылы мұз жолдары ашылды

Өңір аумағында Ертіс өзені арқылы мұз жолдары, жүк таситын және жаяу өтпе жолдары қызмет ете бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеткізген мәліметіне сүйенсек, мұз өткелі Ертіс ауданында ресми түрде жұмыс істей бастады.

"Ондағы мұздың қалыңдығы 44-45 см құрайды, үш тоннаға дейін жүк көтере алады. Облыстың өзге аудандарында ресми түрде рұқсат етілген мұз өткелдері әзірге ашылған жоқ",– дейді ТЖД өкілдері.

Мұз өткелдеріне қойылатын талаптар ҚР ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік ережелерімен реттеледі. Өткелдерге бөлінген орындар 25-30 метр қашықтықта орналасқан маңдайшалармен белгіленуге тиіс. Өткелдердің екі жағынан құламаларында арнайы қалқандарға қысқы құрал-жабдықтар (багрлер, баспалдақтар, құтқару шеңберлері, бөренелер) қойылуы қажет. Өткелдің пайдалануға жарамдылығына келетін болсақ, мұздың қалыңдығы 45-50 сантиметрден кем болмауға тиіс. Мұз өткелдерінен өту кезінде көлік құралдарының жылдамдығы сағатына 10 км-ден аспауы керек. Автомобиль жолаушылары жаяу жүруі, ал жүргізуші көліктің есіктерін ашып, қауіпсіздік белдігін босатып жүргізуге тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу