Ертіс өзені ернеуіне 64 см ғана жетпей тұр

595

Ертіс өзені ернеуіне 64 см ғана жетпей тұр

Әсіресе Шүлбі су қоймасынан төмен орналасқан елдімекендерге қауіп әлі де сейілген жоқ. Қазір жоспарлы су босату жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл шара осы айдың аяғына дейін жалғасады.

Өзендегі су деңгейі 386 сантиметрді көрсетіп тұр. Қауіпті меже – 450 сантиметр. "Қазгидромет" РМК мамандары 2 сағат сайын өлшеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына жағалауға жақындамауға және қауіпті аумақтарда мал жаймауға шақырып отыр. Әзірге қалада үйлерді су басу дерегі тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу