Ертіс өзені үстіндегі ескі көпірмен өтетін жүк көліктеріне айыппұл салынады

957

Ертіс өзені үстіндегі ескі көпірмен өтетін жүк көліктеріне айыппұл салынады

Ертіс өзені арқылы Павлодар және Ақсу қалаларын байланыстыратын ескі көпір арқылы жүк көліктері өткен жағдайда 3 АЕК (7215 теңге) көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке жол-патрульдік полициясының взвод командирі Сәбит Естай айтты.

"Бүгінгі күнге дейін қанша жүк көлігі бұл ережені сақтамағаны әзірге белгісіз. Дегенмен арнайы базаға сол көпір арқылы өткен жүргізушілердің аты-жөндері мен қандай бағытта өткені тіркеледі. Олардың нақты саны белгісіз", - дейді Сәбит Естай.

"Қазавтожол" ҰК АҚ ПОФ директорының орынбасары Ақылбек Қабылдинның айтуынша, ескі көпір арқылы салмағы 10 тоннадан асатын жүк көліктерінің өтуіне 2017 жылдың 20-желтоқсанынан бастап тыйым салынған.

Инженерлік құрылыстың екі жағынан да ескерту белгілері қойылған. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жоба дайындалу үстінде. Бұл жұмыстар 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

Еске сала кетейік, соңғы рет ескі көпірге 2004 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осыған сәйкес тек қана жеңіл көліктердің өтуіне рұқсат берілетін болған. Жалпы, бұл нысан апаттық жағдайда деп бағаланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу