Ертіс өзені үстінен салынған Орталық Азиядағы ең үлкен көпір сынақтан өтті

1301

Ертіс өзені үстінен салынған Орталық Азиядағы ең үлкен көпір сынақтан өтті

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көлік өткелін мамандар сынақтан өткізді, деп хабарлайды 24 Хабар.

Жаңа көпірмен тәулігіне 10 мыңға дейін көлік қатынайды. Өткел салмағы 170 тоннаға дейінгі көліктерді көтеруге қауқарлы.

Еске сала кетсек, ұзындығы 12,5 шақырымдық көпірдің құрылысы бұдан үш жыл бұрын басталған болатын. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынған бұл нысанның ашылуы желтоқсанның 14-іне жоспарланған.

"Көпірді бір жұма бұрын қандай ауыр салмақты көтеретінін барлығын тексердік, көпір эксплуатацияға қосылуға дайын. Ол датчиктер сол көпірдің бойында қалады, ол датчиктерден түсетін ақпараттың барлығы компьютерге барып, оны операторлар күнде қадағалап отырады. Қай жерде, қандай қозғалыс болды, қандай ауырлықты көтеріп тұр, соның бәрін тексеріп, күнде ақпарат беріп отырады", – дейді "Қазавтожол" ҰК АҚ" облыстық филиалы басшысының орынбасары Амантай Қасымханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу