Ертіс өзенінде балық азайып барады. Су жәндіктерінің басты жауы кәнігі браконьерлер болса, кейінгі кездері суқұзғындар қырғидай тиіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Тек былтырдың өзінде жыртқыш құстар Павлодар облысында 130 тонна балықты жойған. Биыл Ертіс өзеніне белгіленген кестеден аз мөлшерде су жіберілгендіктен балықтың кейбір түрлері уылдырық шашып үлгермеді. Бұлай жалғаса берсе алдағы уақытта Ұлы Ертісте балық басы күрт азайып кетеді,- дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу