Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті

199

Төтенше жағдайлар қызметкерлері марқұмның денесін іздеу шараларын жалғастырып жатыр.  

Ертіс өзенінде ер адам суға батып кетті Фото: Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Ертіс өзенінің Павлодар облысы Тереңкөл ауданы аумағында ер адам суға батып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Куәгерлердің хабарлауынша, 12 сәуір күні түнде демалушылардың бірі жағаға байланған баржадан суға секіріп, кейін су бетіне шықпаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ азаматтар әлгі жерде балық аулап, ішімдік ішкен.

"Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел түрде шықты. Жеке құрамның 4 адамы, 1 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды", – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Іздеу шаралары жалғасуда. Өзен акваториясы мен жағалау аймағына тексеру жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу