Ертіс өзенінде қайық аударылып, әкесі мен баласы құтқарылды

419

Абырой болғанда құтқару кеудешелері оқыс жағдайдан аман алып қалған.

Ертіс өзенінде қайық аударылып, әкесі мен баласы құтқарылды Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар қаласының Усолка шағынауданы маңындағы су айдындарын патрульдеу кезінде құтқарушылар су бетінде қалқып тұрған әкесі мен баласын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оқиға Ертіс өзенінде болған. Әкелі-балалы екеу өзен үстінде байдаркамен жүзіп бара жатқанда су көлігі аударылып қалған. Екеуі де құтқару кеудешелерін киіп алғандықтан көмек келгенге дейін су бетінде батпай тұрған, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, зардап шеккендерді судан шығарып алған. Одан соң департамент бөлімшесіне жеткізіп, жылы көрпемен орап, бойларын жылытуға көмектескен. 

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу